Синоптиктер тамыз айында ауа райының қандай болатынын айтып берді.
"Бір айға орта есеппен алғанда Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облысының көп бөлігі, Батыс Қазақстан, Қарағандының кей жерлерінде және Ақтөбе облыстарында ауа температурасы 23-30 градусты құраса, еліміздің басқа аймақтарында 15-22 градус болады, 1-2 градус нормадан жоғары өңірлер: Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары, қалған облыстарда нормаға сай болады", - дейді синоптиктер.
Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстанның көп жерлерінде, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында жауынның айлық көрсеткіші нормадан төмен, ал Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облысының таулы аймақтарында және Оңтүстік Қазақстан облыстарында нормадан жоғары мөлшерде, қалған басқа аймақтарда нормаға сәйкес жауын жауады.
"Айдың басында республиканың батыс пен шығыс жерлерінде қысқамерзімді найзағайлы жаңбыр жауады, батыс бағытта желдің жылдамдығы 15-20 метрді секундына құрайды. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жауу мүмкін. 4-6 тамызда жылы ауаның жылуынан барлық республикамыздың аймағында біртіндеп ауа райы күндіз жоғарылайды: батыста 30-38 градус ыстық, оңтүстік-батыста 41 градус ыстық, солтүстік-батыста, солтүстікте, солтүстік-шығыста және орталықта 28-38 градус ыстық; оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 33-38 градус болуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Консультациялық болжамның шешімі бойынша бірінші және екінші онкүндігінің бірінші жартысы жылы әрі жауын шашынсыз болады. Ал, екінші және үшінші онкүндігінің соңында суық әрі ылғалды массалардың арқасында суық жаңбырлар болуы мүмкін, соған қарамастан солтүстікте, шығыста және орталық өңірлерде түнгі уақыттарда қатқақ болуы мүмкін.
Дереккөз: tengrinews.kz