Абай күні қарсаңында АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі ауласына киіз үй тігіліп, оған елші Дэниел Розенблюмнің өзі атсалысқан. Бұл туралы миссияның ресми парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәлімет бойынша, елші Розенблюм қазақ үйді құру рәсіміне аса қуанышпен белсене араласқан.
"Басқа халықтың тілі мен мәдениетін білу адамды сол халықпен тең етеді дейді ұлы Абай", - делінген Қазақстандағы АҚШ Миссиясының ресми парақшасында.
Елге деген ілтипатты көрген қазақстандықтар видео астына түрлі пікір қалдырып, елшіге рақмет айтқан.
"Біздің еліміздің мәдениетімен жақынырақ танысып жатқаныңызға үлкен рақмет сізге, Розенблюм мырза", " Кеше ғана сол жерден өтіп бара жатып, дәл сол жер босқа тұр деп ойлап кеткен едім. Тамаша болыпты, жүзеге асқаны", "Керемет", - деп пікір білдіріп жатыр қолданушылар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!