Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды

Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында премьер-министрдің орынбасары лауазымына Тамара Босымбекқызы Дүйсенованың кандидатурасы келісілді. Бұл "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды. Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бүгін Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылғанын хабарлаған едік.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова 1965 жылы Сарыағаш ауданында дүниеге келген.

Еңбек жолын Сарыағаш ауданында мектеп мұғалімі болып бастаған.

1988 - 1992 ж. Өзбекстан Мемлекеттік жоспарлау комитетінің есептеу орталығының экономика ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер;

1992 - 1993 ж. Сарыағаш аудандық әкімшілігінде аға экономист;

1994 - 1999 ж. әкімнің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары;

1999 - 2002 ж. облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2002 жылғы қыркүйектен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі. 2008 жылғы қаңтарынан бері - ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!