- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тамара Дүйсенова қызметінде...
Тамара Дүйсенова қызметінде қалды
Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары қызметінде қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Тамара Дүйсенова Ташкент халық шаруашылығы институтын тәмәмдаған.
Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын Сарыағаш ауданында мектеп мұғалімі болып бастаған.
1988-1992 жылдары Өзбек КСР Мемлекеттік жоспары жанындағы Экономика және нормативтер ҒЗИ экономист болып қызмет етті.
1992-1993 жылдары - Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты экономика бөлімінің аға экономисі.
1993-1994 жылдары - «Перизат-холдинг» компаниясы ақпарат және маркетинг бөлімінің басшысы.
1994-1997 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары және бірінші орынбасары.
1997-1999 жылдары - Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары.
1999-2002 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2002-2006 жылдары - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2006-2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2008-2013 жылдары - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.
2013 жылғы ақпан-маусым аралығында - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2013 жылғы маусым – 2014 жылғы тамыз айлары аралығында – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
2014 жылдың тамызынан 2017 жылдың қаңтарына дейін - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі.
2017 жылдың қаңтарынан 2018 жылдың ақпанына дейін - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
2018 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін - "Nur Otan" партиясының хатшысы.
2019 жылдың шілдесінен 2020 жылдың мамырына дейін – "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамының президенті.
2020 жылдың 5 мамырында Мемлекеттік басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Бұған дейін Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина