- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тамақтың қалдығын қоқысқа...
Тамақтың қалдығын қоқысқа тастауға бола ма?
Қазір көп жағдайда тамақ жегеннен кейін оның артылып қалатыны өтірік емес. Сол кезде тағамның қалдығын қоқысқа тастайтындар да бар. Бұл қаншалықты дұрыс. Ол сұраққа fatua.kz парақшасында ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маман жеуге жарамды тағамды қоқысқа тастауға болмайтынын айтты.
"Тағам, мысалы, нан болсын, бұл бізге берілген Алланың нығметі. Біз Алланың берген нығметін құрметтеуіміз және оған шүкіршілік етуіміз керек. Пайғамбарымыз нанды құрметтеңдер деді. Тағы бір аятта Пайғамбарымыз жерде жатқан нанды алып, Айша анамызға Алланың берген нығметін құрметтеңдер деген. Кімнен Алла Тағала нығметін алып қойса, ол қайта оралмайды деген. Сондықтан да жеуге жарамды тағам болатын болса, оны қоқысқа тастауға болмайды. Ол бірінші құрметсіздік, екінші ысырап болып саналады. Алла Тағала құран кәрімде жеңдер, ішіңдер, ысырап етпеңдер деген. Ықтияр атты кітапта егер де нанның бір түйірі жерге түсетін болса, оны сол күйінде қоқысқа тастаса, ол ысырап болады дейді. Пайғамбарымыз жерге түскен тағамның қоқысын алып тастап,жеңдер деген", - дейді Бауыржан Әбдуәлі.
Маманның айтуынша, егер тағам жеуге жарамсыз болса, оны алдымен ит пен құсқа берген дұрыс.
А. Жапатова"Ал енді жеуге жарамсыз тамақ болса, ашып кетсе, бүлінген болса, бұл жерде ең бірінші ит пен құсқа беру керек. Немесе солар жейтіндей бір жерге қойып қою керек. Егер мысалы, қазір қалада тұрып жатқан тұрғындардың оған мүмкіндігі болмаса, арнайы бір пакетке немесе ыдысқа салып, оны қоқысқа тастауына болады", - деп кеңес берді маман.