Ыстық тамақ суық тамаққа қарағанда пайдалырақ деген түсінік бар. Алайда гастроэнтеролог дәрігер, гепатолог Наталья Марченко Sputnik радиосына берген сұхбатында бұл түсінікті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігердің сөзінше, тамақ температурасы оның құрамына байланысты болуы керек.
"Кейбір тағамдар ыстық күйінде басқа органлептикалық қасиеттерге ие және оларды тұтынуға болады. Керісінше, ыстық күйінде жеуге болмайтын тағам түрлері бар. Ең дұрысы - адамның дене температурасымен бірдей ас ішу", - дейді маман.
Дәрігердің сөзінше, өте ыстық тағамды жиі тұтыну міндетті емес.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!