Желіде қазандағы тамақты құрылыстағы күрекпен араластырғандар жұрттың сынына қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Күрекпен істеген қуырдақ дәмді ме?",-деп жазды instagram парақша иесі.
Бұл видеоны көрген желі қолданушылары ашуын айтып, пікір қалдырды.
"Астың киесі жібермейді, бір күні сол тамаққа зар боласың", "Ас болсын, бірақ күрек ас дайындайтын құрал емес", "Ұят қайда? Обал болады? Сатсаң берекеті болмайды", "Тамақты қорлап не істеп жүр", "Оңтүстік десе ренжиді, сұмдықтың бәрі оңтүстіктен шығады. Кір машинаға май араластырады", - деп жазды олар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!