Дұрыс және теңдестірілген тамақтану жүрек саулығын сақтауға көмектеседі. Бұл туралы нутрициолог Жанна Коробейникова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Москва 24-ке" сілтеме жасап.
Оның айтуынша, "Жерорта теңізі" диетасы жүрек саулығын сақтауға ең қолайлы нұсқа, бұл диетада көкөністер, балық, құс, дәнді дақылдар, жаңғақтар мен тұқымдарға көбірек көңіл бөлінеді.
Сонымен қатар сарапшы фастфуд, маргарин, майлы ет, шұжықта кездесетін қаныққан майлар мен жануарлар холестеринінің мөлшерін азайтуға кеңес берді. Оның орнына теңіз қырыққабатын, дәнді дақылдар, банан, шпинат, брокколи және калий мен магнийге бай басқа да тағамдарды тұтынған жөн дейді.
"Сондай-ақ зерттеулерге сәйкес күніне шамамен екі ас қасық (23 грамм) зәйтүн майын жеу - оның құрамындағы қанықпаған майлардың арқасында жүректің ишемиялық ауруының даму қаупін азайтады. Өнімнің жаңа және басқа майлармен сұйылтылмағаны өте маңызды", - деді Жанна Коробейникова.
Нутрициолог бұдан бөлек, қарапайым су мен сапалы, дәнді кофе ішуді ұсынды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!