Doctorpiter диетологы ас қорыту жүйесі мен асқазанға зиян келтіргісі келмейтіндерге тамақтанғаннан кейін бірден мына әдеттерді істемеуге кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Адамдарда түрлі тамақтану әдеті бар. Кейбір әдеттер денсаулықтың бұзылуына және әл-ауқаттың нашарлауына әкеледі", - дейді диетолог Нидхи Шарма.
Тамақтан кейін жасауға болмайтын 8 әдет:
Тамақтанғаннан кейін бірден душ қабылдауға болмайды. Тамақтанғаннан кейін асқазанға қан барып, ол ас қорытуға көмектеседі. Ал дәл осы сәтте душқа барсаңыз дене температурасы өзгеріп, қан теріге ағып кетеуі мүмкін. Бұл ас қорытудың бұзылуына, баяулауына әкеледі.
Белсенді жаттығулардан аулақ болыңыз. Егер сіз тамақтанғаннан кейін жүгіруді, жылдам жүруді бастасаңыз, бұл жүрек айнуын, іштің ауырсынуын тудыруы мүмкін.
Тамақтанғаннан кейін бірден диванға жатпаңыз. Бұл ас қорыту шырындарының көтерілуіне әкеледі. Сонымен қатар, түскі немесе кешкі астан кейін бірден ұйықтамаңыз. Бұл жағдайда барлық метаболикалық процестер баяулайды, нәтижесінде калория майға айналуы мүмкін. Түстен кейінгі ұйқы метеоризм мен іш қатуға әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, тамақтанғаннан кейін бірден ұйықтау жүрек ауруы, атеросклероз, жоғары қан қысымы бар адамдар үшін өте қауіпті.
Тамақтан кейін бірден көп су ішпеңіз. Оның артық мөлшері асқазан сөлін сұйылтады және ас қорытуды нашарлатады.
Еденді еңкейіп жууға болмайды. Жалпы, алға қарай иілуге байланысты әрекеттерден аулақ болыңыз, бұл қышқыл рефлюксін тудыруы мүмкін.
Жемістерді негізгі тамақтан кейін бірден жеуге болмайды. Бұл қоректік заттардың сіңуін нашарлатуы мүмкін. Жемістерді таңғы ас пен түскі ас арасында, түскі және кешкі ас арасында жеген дұрыс. Асқазанның қышқылдығы жоғары адамдар үшін түскі немесе кешкі астан кейін қышқыл жемістерді жеу зиян.
Жемістер мен жидектерді десерт ретінде, тамақтанғаннан кейін 30 минуттан кейін тұтыныңыз.
Тамақтан кейін шай немесе кофе ішуден аулақ болыңыз. Екеуінің құрамында тағамдағы қоректік заттардың сіңуіне кедергі келтіретін фенолдық қосылыстар бар. Мысалы, егер сіз стейкті сүтсіз кофемен ішсеңіз, темір нашар сіңеді. Ал шайдың рН деңгейі төмен, бұл ақуыздар мен майларды қорыту процесіне теріс әсер етеді.
Алкоголь ішпеңіз, темекі шекпеңіз. Дәрігердің айтуынша, тамақтанғаннан кейін алкоголь ішу денсаулыққа қауіп төндіреді.
Тамақтанғаннан кейін жасауға болатын пайдалы әдет:
Тамақтанғаннан кейін екі минут белсенді болыңыз. Бұл қант деңгейін қалыпқа келтіреді. Түскі немесе кешкі астан кейін белсенділік таныту маңызды, бұны спортпен шатастырмау керек.
Тамақтанғаннан кейін бірден жарты стакан жылы су ішіңіз, бұл тағамның сіңуіне көмектеседі. Бұл кеңес әсіресе ас қорыту жүйесінде проблемалары бар немесе кешкі уақытта тамақтанатын адамдар үшін жақсы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!