- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тамақтанған кезде байқалатын...
Тамақтанған кезде байқалатын қант диабетінің симптомы аталды
Дәрігер қандай симптом қант диабеті барын көрсетуі мүмкін екенін айтты. Бұл тамақтану кезінде байқалады екен. Маманның пікірінше, ағза жағдай дұрыс емес болса, өзі сигналдар жібереді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Қант диабетінің алғашқы белгілері шөлдеу және жиі зәр шығару болуы мүмкін. Егер көбірек су іше бастағаныңызды байқасаңыз, түнде де су ішіп, үнемі дәретханаға жүгірсеңіз, бұл - алаңдатарлық белгі. Дереу дәрігерге жазылып, бірқатар сынақ тапсыру керек.
Одан бөлек тамақтанған кезде ішіңізде ыңғайсыздық пайда болуы мүмкін. Бұл - гастропарездің ықтимал белгісі, яғни қандағы қант деңгейінің жоғарылауынан туындаған қант диабеті асқынуларының бірі. Бұл жағдайда тамақ дұрыс сіңірілмейді және жағымсыз белгілерді тудырады. Сонымен қатар, бұл кезде адам кішкене тамақ жегеннің өзінде тоқтықты сезінеді.
"Асқазаныңызда ауа бар сияқты сезінесіз немесе тамақтану кезінде өте ыңғайсыз болады: асқазан толып кеткендей көрінеді, іш кебеді, іштің жоғарғы тұсы ауырады, жүрек айнып, адам тіпті құсуы мүмкін", - деді дәрігер.
Қант диабетімен ауыратын науқастардың шамамен 50 пайызында гастропарез жедел басталады, 33 пайызында ауық-ауық пайда болады, ал 1 пайызында аурудың циклдік сипаты байқалады.
Гастропарезді диета арқылы емдеуге болады. Дәрігер аз және жиі тамақтануға, майлы тағамдардан, ірімшіктен аулақ болуға, тамақты мұқият шайнауға кеңес береді. Рационға жемістер мен көкөністерді қосу маңызды. Сондай-ақ, алкогольді тұтынуды азайтып, темекіні тастау ұсынылады.
Қант диабетінің басқа белгілеріне қатты шаршау сезімі, салмақ жоғалту және бұлшықет массасының жоғалуы, көру қабілетінің нашарлауы жатады. Егер осындай белгілерді байқасаңыз, дәрігердің кеңесі қажет.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова