- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тамақ ішіп отырған...
Тамақ ішіп отырған видеосымен танылған жігіттің адам сенгісіз оқиғасы
Желіде мукбанг деген танымал жанр бар. Блогер көп мөлшерде тамақ жейді, қалғаны соған қарап отырады. Бұл жанрдың аудиториясы үлкен, бірақ оның зиян тұстары да бар. Мысалы, артық салмақ жинау. Massaget.kz тілшісі мукбанг не екенін түсіндіріп, танымал мукбангшының өзгерісі туралы айтады.
Мукбанг деген не?
Мукбанг - бүгінде Желідегі сенсация. Стримерлер көп тамақты алдына алып қойып, соны тікелей эфирде көрсетеді. Бір жағынан аудиториясымен сөйлесіп отырады. Ал экранның арғы жағында отырған миллиондаған адам стримердің тамақ жегенін тапжылмай қарап отырады. Мысалы, мына видеоны бүгінге дейін 716 миллион адам тамашалапты.
Ал адамдарға не ұнайды дейсіз ғой? Оларға үстел үстіндегі түрлі тамақтар мен оны жеген кездегі дыбыстар майдай жағады.
Мукбанг - YouTube-ке дейін пайда болған жанр. Ол 2000-жылдардың басында Оңтүстік Кореяда басталған. Алғашында стримерлер оны корейдің Afreeca TV стриминг платформасында түсірген. Мукбанг сөзін тамақ жеуіңді трансляциялау дегенді білдіреді.
Танымал мукбангер 73 келі тастаған
Мукбанг пайда болған кезде алғашқылардың бірі болып Инхоне деген блогер де түсірген. Оны бәрі жақсы көретін. Себебі сәл толықтау блогер тамақты ләззатпен жейді екен. Оның күлкісі, эмоциясы аудиторияны тез баурап алған.
Бірақ 2015 жылы Инхоне стримдерден жоғалып кеткен. Жалпы, интернетте төбе көрсетпей кетіпті. Жанкүйерлер іздегенімен таба алмаған. 2015 жылы каналды тастар алдындағы соңғы видеосы осы.
Осылайша, екі жыл өтеді. 2017 жылы оның каналында видео шыға бастаған. Бірақ Инхоне жоқ, орнына мүлде басқа жігіт келген.
Бір қызығы, бұл тура сол Инхоне болып шықты. Ол Желіден кеткен екі жылында талмай жаттығу жасап, осы уақыт ішінде 73 келі тастапты. Бұған денсаулығы әсер еткен екен.
Бүгінде ол мукбанг түсіруді қайта қолға алған. Бірақ тағы да салмақ жинамауы үшін жаттығуын тастамағанын айтады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Төлеш