- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тамақ жүрекке пайдалы...
Тамақ жүрекке пайдалы болуы үшін оған не қосып жеу керек?
Мәзірге лимон, пияз және сарымсақ қосу тамақты жүрек пен қан тамырлар үшін пайдалы етеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Rg.ru"-ге сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл өнімдердің құрамында В тобының дәрумендері, С дәрумені, марганец, селен, мыс, фосфор, мырыш және т.б бар. Сондықтан оларды жүрек-қан тамырлар жүйесін қорғау үшін рационға қосу керек.
"Ол, әсіресе, қан қысымы жоғары және бүйрек проблемасы бар адамдарға жақсы", - дейді мамандар.
Алайда созылмалы аурулары бар науқастар рационына қандай да бір өзгеріс енгізбес бұрын өзінің дәрігерімен ақылдасуы керек.
Дәрігерлер пияз, сарымсақ және лимонның тағы бір ерекшелігі бар екенін айтты: олар рациондағы тұз мөлшерін азайтуға көмектеседі. Мамандар оларды үйлесімді рационның бір бөлігі етуді және оларды аз-аздан, бірақ жүйелі түрде жеп тұруды ұсынды.
Оқи отырыңыз: Күнде бір сарымсақтан жесеңіз не болады?
А. Жапатова