- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тамақ алуға шыққан"....
"Тамақ алуға шыққан". Өлі табылған зейнеткер мен немересіне қатысты жаңа дерек айтылды
Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты қаралы жағдай болып, әжесі мен кішкентай немересі көз жұмды. 68 жастағы зейнеткер мен 11 жастағы қыз жоғалғаны туралы ақпарат бір күн бұрын ғана белгілі болған еді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, олар азық-түлік алу үшін үйден шығып кетіп оралмаған. Оларды іздеуге жүз адам жұмылдырылды. Бірақ ауылдың шетінен үсік шалған денелер табылды.
"Олар тұратын ауылдан мәйіттері табылды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Нәтижелері кейінірек белгілі болады", - дейді Қостанай облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Тілеуберді Нұрахметов.
Қолайсыз ауа райы бүкіл аймаққа әсер етті. Боран бірнеше секунд ішінде 4 қабатты тұрғын үйдің шатырын да опырып кетті.
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында әжесі мен немересі жоғалып кеткені хабарланған болатын. Құтқарушылардың мәліметінше, 1965 жылы туған Наталья Шамарова мен 2012 жылы дүниеге келген Яна Салихова жоғалған. Олар Тобыл қаласына бет алған. Сондай-ақ, телефондары өшірулі болғаны айтылды.
Кейінірек олар өлі табылғаны хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова