Талдықорғанда екі адамды бауыздап кеткен. Полиция бұған қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін, 5 қаңтарда Талдықорғандағы Ақбастау көшесіндегі үйде тамағы кесілген екі адамның денесі табылды.
Бұл туралы Instagram-дағы krisp.tdk парақшасы хабарлады.
Жетісу облыстық полиция департаменті бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - деп хабарлады ведомство.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!