- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Талып құлаған адамды...
Талып құлаған адамды тағы ұрған. Ақтөбеде жантүршігерлік қылмыс видеоға түсірілді
Фото:
Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ақтөбеде алкомаркет маңында болған төбелес видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 7 қаңтарда Тургенев көшесінде алкомаркеттердің бірінің маңында төбелес болған. Жәбірленуші мен күдіктінің арасында жанжал туындаған. Содан соң жігіт жәбірленушіге дене жарақатын салған. Күдікті полицейлерден қашуға тырысқанымен, құтыла алмаған. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камералары көмегімен 22 жастағы ақтөбелікті ұстады.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова