Талдықорғанда көлік ішінен ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 13 желтоқсанда Талдықорған қаласының Көктем шағынауданында Toyota Hilux Pick көлігінің ішінен 47 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылған. Бұл марқұмның өз көлігі болған. Болжам бойынша ер адам атыс қаруын қолданып, өзіне қол жұмсаған.
Бұл дерек бойынша қажет сараптамалар тағайындалған, соталды тергеу амалдары басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!