Тәліптер әйелдер митингісін оқ атып таратты

Тәліптер әйелдер митингісін оқ атып таратты

"Талибан" қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) өкілдері Ирандағы наразылықты қолдаған әйелдер шеруін ауаға оқ атып таратты, - деп хабарлайды Daily Mail басылымы.

Кабулдағы Иран елшілігінің ғимаратына "Иран көтерілді, енді біздің кезегіміз!" деген жазуды көтерген 25-ке жуық әйел келіп наразылық білдірді. 

Басылым мәліметінше, тәліптер митингіге шыққандарды таратуға тырысып, аспанға оқ жаудырған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!