- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тәліптер Астанада өтетін...
Тәліптер Астанада өтетін форум келмекші
"Талибан" қозғалысы биыл жазда Астанада өтетін халықаралық форумға шақырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мұны Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады. Қазақстанның Кабулдағы елшісі президенттің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Ержан Қазыханның атынан "Талибан" сауда министрлігі басшысының міндетін атқарушы Нуреддин Әзизиге форумға шақыртуды тапсырды.
2024 жылғы 13-14 маусымда Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Астана халықаралық форумы (AIF) өтеді.
Бұл форумда әлемнің түкпір-түкпірінен үкімет делегаттары мен бизнес жетекшілері бас қосып, қазіргі заманның ең өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын анықтайды.
Форумға қатысушылар сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік, халықаралық даму және тұрақтылық, энергетика және климаттың өзгеруі, экономика және қаржы мәселелерін талқылайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан