- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тәліптер Алматыға келеді...
Тәліптер Алматыға келеді
Фото:
primeminister.kz
Алматыда Ауғанстан және Қазақстан тараптарының бизнес форумы өтеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сауда және интеграция министрлігінің ақпаратына сүйенсек, іс-шара 20-22 қазан аралығына жоспарланған.
Бизнес форумнан бөлек, іс-шара аясында ауған тауарларының көрмесі де ұйымдастырылады.
"Делегацияның Ауғанстаннан Қазақстанға сапары аясында ауқымды бизнес форум өтеді. Ауғанстан экономикасының түрлі салаларынан 250-ден аса кәсіпкер өз тауарлары мен қызметтерін ұсынады", – деп жазылған хабарламада.
"Ауғанстан қоғамы жарылып кетпегені бізге керек". Тәліптердің Қазақстанға келуінен қорқу керек пе?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова