Талғат Теменов Мұқағалиға тіл тигізген блогер туралы: Менің атымды алған алаяқ

Талғат Теменов Мұқағалиға тіл тигізген блогер туралы: Менің атымды алған алаяқ
Фото: egemen.kz

Танымал қазақстандық режиссер Талғат Теменов Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізген блогер Әлішер Теменовпен туыстық қатынасы жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы "Сырласу" бағдарламасында сөз қозғады. 

"Менің атамның аты - Темірғали. Бала кезде Темен деп еркелетіп, содан Темен болып кеткен ғой. Негізі Қазақстанда Теменовтер санаулы. Мына Теменовтің қайдан шыққан Теменов екенін білмеймін. Менің атымды жамылған алаяқ па деймін. Ең сорақысы, бұл жігіттің рухани алаяқтығында. Хайп жинаймын деп, қасиетті құдыққа түкіргендігінде. Мұндай арсыздар, өкінішке қарай, арамызда аз емес. Кезінде бұндайларды есекке теріс мінгізіп, ауылдан қуған. Өзгелерге үлгі болмасын деп", - деді ол сұхбатында.

Сонымен қатар Талғат Теменов сұхбатында Талғар оқиғасына қатысты да пікір білдірді. 

Еске салайық, Талғарда 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті.

Д. Ибраева