Желтоқсан оқиғасының батыры Қайрат Рысқұлбектің інісі, "Желтоқсан рухы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Рысқұлбек мектепте қыздарға хиджаб кию тақырыбына қатысты талап қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, ол 1 қыркүйекте қызын мектепке орамалмен ертіп бармақ. Талғат Рысқұлбек әкімшілік өкілдері мектепке хиджаб киген қызын кіргізбесе, ол отбасымен Шешенстанға көшетінін айтты. Белсенді Оқу-ағарту министрлігі өкілдерінің хабарласып, түсініктеме жұмысын жүргізбек болғанын айтты.
"1 қыркүйекте қызын мектепке орамалмен апарамын, кіргізбесе видеоға түсіремін. Біреулер Түркияға, Өзбекстанға, Қырғызстанға көшіп жатыр ғой. Мен Шешенстанға көшемін, Рамзан Қадыровты (Шешенстан басшысы - еск.) белгілеймін. Бізді қарсы алады деп үміттенмін. Олар орамалмен оқытып жатыр", - дейді ол.
Еске салайық, бұған дейін оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қоғамда дау туғызып жатқан мектепте хиджаб кию тақырыбына қатысты тағы да пікір білдірген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!