Талғат Момышев су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген, сауда саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.
- 1997-1998 жылдары Жамбыл Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығының бөлім бастығы, директордың орынбасары болып жұмыс істеді.
- 1998-2000 жылдары - Жамбыл облысы әкімінің аппаратында жалпы бөлімнің аға референті, инвестициялар және сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің төрағасы.
- 2000-2010 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінде жұмыс істеді.
- 2010-2014 жылдары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.
- 2014-2016 жылдары - ҚР Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.
- 2016-2018 жылдары - ҚР Президенті әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
- 2018-2019 жылдары - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
- 2019 жылдан 2021 жылға дейін ҚР Энергетика министрлігінде жауапты хатшы және аппарат басшысы болып қызмет етті.
- 2021-2023 жылдары - ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.
- 2023-2024 жылдары - ҚР Сауда және интеграция министрлігі "Ұлттық аккредиттеу орталығы" РМК бас директоры.
- 2024 жылғы шілдеден бастап қазірге дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директоры болып жұмыс істеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова