Талғат Ластаев көлік вице-министрі болды

Талғат Ластаев көлік вице-министрі болды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Талғат Ластаев көлік вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Талғат Тлеубекұлы Ластаев ҚР көлік вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Талғат Ластаев 1980 жылы туған.

Білімі:

- Ұлттық авиациялық университет (Киев қ., Украина), көлік бойынша инженер, Тасымалды ұйымдастыру және әуе көлігінде басқару; 

- үздік, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,  «Халықаралық  экономика» мамандығы бойынша;

- Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік секторының менеджменті» мамандандыруымен магистратура және «Экономика» мамандандыруымен аспирантура;

- үздік, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,  «Құқықтану» мамандығы бойынша;

- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академисының мемлекеттік саясатының Ұлттық мектебі;

- Дьюк университетінің (Солтүстік Каролина, АҚШ) мемлекеттік саясатының Сэнфорд мектебі, саясаттану магистрі; Экономика ғылымының кандидаты.

Карьерасы:

- 2000 - 2002 жж.
"Нұрбанк" ААҚ менеджері;
- 2002-2008 жж.
Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарының өндіріс кәсіпорындарында басшы;
- 2008 - 2009 жж.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік коммуникация кешенін дамыту департаменті, Автомобиль жолдары комитетінің басқарма бастығы;
- 2009 - 2014 жж.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары;
- 2014 - 2017 жж.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары;
- 2017 - қазіргі уақытқа дейін
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан