Талғат Алдыбергенов "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жалғыз акционердің шешімімен "ҚТЖ" ҰК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Талғат Сағиұлы Алдыбергеновтің өкілеттігі тоқтатылды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басшысы лауазымын 2025 жылғы шілдеден бастап атқарды.
Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) басшысы Талғат Алдыбергенов транзиттік тасымал жоспарынан қалып қою мәселесіне назар аударуы керек екенін айтты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!