Талғардың экс-әкімі такси жүргізушісі болып жүр

Талғардың экс-әкімі такси жүргізушісі болып жүр
Фото: "Уақыт көрсетеді" кадры

Талғар қаласының бұрынғы әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы бүгінде такси жүргізушісі болып, халықты тасымалдап жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы экс-шенеунік Арыстанбек Әбілқайырұлы журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында айтты.

"Үшінші күн болды. Күн-түн демей таксист болып жүрмін. Көлігім жоқ. Жалға алдым. Үйде жатқаным ұят болды. Бала-шағамды асырау керек. Бұрынғы әкім қазір такси болып жүр", - деді ол.

Айта кетейік, Арыстанбек Әбілқайырұлы 1 жыл 2 ай Талғар қаласының әкімі болып, 2026 жылы ақпанда қызметінен кетті. Ол TikTok желісінде белсенді болып, жұрттың есінде TikTok әкім деп қалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget