- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Талғардан SOS сигналын...
"Талғардан SOS сигналын жіберді" - Алматыда із-түзсіз жоғалған адам бес күннен бері іздестіріліп жатыр
Алматыда ер адам 29 қарашада түнде үйінен шығып жоғалып кеткен. Әйелінің айтуынша, одан Талғардан SOS сигналы келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жоғалған 34 жастағы алматылық Тимур Поповтың әйелі күйеуінің қарашаның 29-нан 30-на қараған түні өте оғаш жағдайда жоғалып кеткенін айтты.
"Біз Алматыда Назарбаев даңғылы бойында тұрамыз. Түнде балалармен ұйықтап жатқанда ол үйден шығып кетті. Ол бізге ештеңе туралы ескертпеді, ешкімге қоңырау шалмады, жазбады, достарының ешқайсысы білмеді. Ол сырт киімін киіп, тіпті баскиімін де алмай, үйден шығып кетті. Келесі күні түнгі сағат 3-те оның айфонынан Талғардан жіберілген SOS сигналы келді. Осыдан кейін оның телефоны өшіп қалды. 1 желтоқсанда біз Алматы қаласы Медеу ауданының полициясына арыз бердік, содан бері күйеуімнен ешқандай хабар жоқ", - дейді жоғалған жігіттің әйелі Алина.
Әйел полицейлердің геолокация деректерінде көрсетілген жерге барғанын, бірақ бұл жерден күйеуінің ізі табылмағанын атап өтті. Ол ер адамның Талғарға не үшін барғанын білмейді. Оның достары бар, бірақ олар оны көрмеген.
Ер адам бес күннен бері іздестіріліп жатыр. Ол қара күрте, көк джинсы шалбар және сары аяқкиім киген.
Бұдан басқа, оның бойы 183 сантиметр, қара шашты, сақалы бар, көзі қоңыр.
Ер адамды көрген-білгендер полицияға немесе +7 701 768 9368 нөміріне хабарласуы сұралады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек