"Талғардан SOS сигналын жіберді" - Алматыда із-түзсіз жоғалған ер адам өлі табылды

Алматыда із-түзсіз жоғалған ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы қалалық полиция Департаменті, жедел іздестіру іс-шаралары барысында 29 қарашада үйінен шығып кетіп, оралмаған, із-түзсіз жоғалған 1989 жылы туған Тимур Поповтың мәйіті табылғанын хабарлады. 

Құрылған жедел-іздестіру тобы жедел түрде Т.Попов азаматтың жүру бағытын анықтады: ол таксимен Талғар қаласына барған.

Бүгін, 7 желтоқсан күні сағат 11:00-де полиция қызметкерлері жоғалған азаматтың өзінің әйеліне телефон арқылы "SOS" дабылын жіберген жерден 1,5 шақырым жерде орналасқан «Талгарка» өзенінің арнасына тексеру жүргізді.

Нәтижесінде судан жоғалған ер адамның денесі табылды. Адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!