Талғардағы зорлау, адам өлтіру және бала ұрлау ісі: күдіктіге бірнеше баппен айып тағылып отыр

Талғардағы зорлау, адам өлтіру және бала ұрлау ісі: күдіктіге бірнеше баппен айып тағылып отыр
Фото: instagram/advokat_saryyeva

Тергеушілер Талғарды дүр сілкіндірген оқиғаға қатысты істі аяқтады. Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 11 бабы бойынша айып тағылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Адвокат Асылбек Әбдірайымовтың айтуынша, әріптесі Жандос Палмановпен бірге іс материалдарын зеттеуді бастаған.

"Барлық тергеу мен сараптама аяқталды. Іс танысу үшін тараптарға жіберілді", - деді адвокат.

Негізгі күдікті Е.-ге Қылмыстық кодекстің 11 бабы бойынша айып тағылған. Бұл іс бойынша кәмелетке толмаған А. және К.-ге екі бап бойынша айып тағылған.

Еске салайық, 6 қыркүйекте Талғарда жантүршігерлік оқиға болды. Ер адам кішкентай қызды ұрлап, оның нағашысын атып кетті. Көп ұзамай арнайы жасақ баланы құтқарып, анасымен қауыштырды, ал күдікті ұсталды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget