Талғардағы төбелес: Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті

Талғардағы төбелес: Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті

Талғар трагедиясында қаза тапқан Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әлеуметтік желіде хабарлана бастады. 

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Куәгерлердің сөзінше, үй тұтас өртеніп кеткен.

Бұл дерекке Полиция департаменті жауап берді. 

12 қазанға қараған түні Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылындағы үйлердің бірінде өрт болды.

Бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. 

Тергеу аясында куәгерлерден жауап алынып жатыр, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп жатыр. 

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина