Талғардағы отставкалар: Аслан Қасымбаев қызметінен босатылды

Талғар ауданында отставкалар жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аудандық әкімдіктің хабарлауынша, Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен босатылды.

"Сонымен қатар Талғар ауданының әкімі Таңат Есенкелдіұлы Айдарбеков пен оның орынбасары Айбек Бидаев сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Талғар әкімі Бақыт Күрішбеков, Талғар әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылған еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!