Талғардағы қайғылы оқиға: желіде боттар мен фейктер тарап кетті

Кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығы (TSARKA) Қазақстанда боттар белсенділігінің қалыптан тыс өсуін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

TSARKA агенттігінің мәліметінше, 9 желтоқсаннан бері ұйым мамандары Талғардағы қайғылы оқиғаны талқылауға байланысты әлеуметтік желілерде қалыптан тыс белсенділікті тіркеген.

"Біреулер осы маңызды оқиғаға қызығушылықтың артуын өз пайдасына қолданып жатыр. Қаңтар оқиғасы кезіндегі ескі видеолар монтаждалып, Алматы және басқа қалалардағы митингілер туралы фейктер пайда болды. Мұндай жазбалардың көбі TikTok пен Instagram-да байқалады. Мысалы, TikTok-тағы видео шамамен 850 мың қаралым жинаған, ал аккаунт үш күн бұрын ғана тіркелген. Ол болмаған митингілердің видеолары таратылып жатыр", - делінген хабарламада.

Аккаунттар мен пікірлерді талдау (барлығы 50 000-нан аса) боттардың келісілген жұмысының бар екенін көрсетеді.

"Желіде ақпаратқа сыни көзқараспен қарауды және оның дереккөзін екі рет тексеруді ұсынамыз", - деді Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының өкілдері. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!