Талғардағы каналдардың бірінен әйел өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Талғарда шамамен 20-35 жастағы әйел өз-өзіне қол жұмсап, каналға секірген.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жасағының құтқару тобының баспасөз қызметі мәліметінше, құтқарушылар өлімнің мән-жайын білмейді. Тергеумен полиция айналысады.
"ТЖМ кезекші диспетчерлік қызметіне каналға секірген әйел туралы хабарлама түсті. Жедел топ оқиға орнына барып, өзен бойынан әйелді іздеді", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.
10 сағаттан кейін олар әйел секірген болуы мүмкін жерден 8 шақырым қашықта жансыз денені тапты. Мәйіт қосымша тергеу үшін полиция қызметкерлеріне берілді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!