Талғардағы жасөспірімнің өлімі: полиция мәлімдеме жасады

Полиция Талғарда кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысы полиция департаментінің хабарына қарағанда барлық кінәлі адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрінің ерекше бақылауына алынып, оның нұсқауы бойынша арнайы жедел-тергеу топ жұмыс атқарып жатыр.

"Барлық жиналған дәлел, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар зерттеліп жатыр. Қазіргі уақытта жеті адамның қылмыс жасауға қатысы бар екені анықталды. Жәбірленуші тараптың дәлелдері бойынша басқа тұлғалардың қатыстылығын анықтау үшін тергеу шеңберінде тексеру жүргізіліп жатыр. Әрқайсысына қатысты құқықтық баға беріледі. Қайтыс болған жасөспірімнің заңды өкілдері тергеу барысы туралы хабардар етіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", – деді Алматы облысы ПД бастығының міндетін атқарушы Серік Шалқаров.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!