- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Талғардағы жасөспірімнің өлімі:...
Талғардағы жасөспірімнің өлімі: қалаға ІІМ тобы жіберілді
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Талғардағы кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ішкі істер министрлігінің басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында барлық жағдайды өзі бақылап отырғанын мәлімдеді.
"Менің бірінші орынбасарым басқаратын ІІМ-нің бір топ қызметкері оқиға орнында тергеудің толыққанды және сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатыр. Барлық кінәлі жазасын алады", - деп жазды Сәденов.
Еске салайық, Талғарда 4 қазанға қараған түні жасөспірімді өлтіріп кетті.
Желідегі жазбаларға қарағанда, пышақ пен тапаншамен қаруланған бір топ жас 16 жастағы жасөспірім Шерзатқа, оның әкесі мен ағасына шабуыл жасаған.
Марқұм Шерзаттың отбасы кісі өлтіруге қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етіп отыр. Оның әкесі бүгін мәлімдеме жасады.
Алматы облысының полиция департаменті кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан