Әлеуметтік желіде Алматы облысы Талғар ауданында "әйел 5 жасар қызының көзінше ажал құшқаны" туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі желіде тараған ақпаратқа пікір білдірді.
Мәліметке сүйенсек, 14 қаңтарда Рысқұлов ауылының тұрғынын өлтірді деген күдікпен 45 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Алдын ала мәліметке сәйкес отбасылық жанжал кезінде ауыл тұрғыны азаматтық некедегі жұбайына екі рет пышақ жарақатын салғаны анықталды, салдарынан бірнеше сағаттан кейін жәбірленуші қайтыс болды", - деді өңір полициясы.
Оқиға орнына келген полицейлер күдіктіні ұстаған.
"Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова