Желіде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернатында үрейлі дауыстар шыққан видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео kris_p_talgar_2 Instagram-парақшасында жарияланды.
"Қателеспесек, 20 секундта "Қазір басыңды жарамын", ал 27 секундта былапыт сөздер естілді", - делінген жазбада.
Оқиға 27 қарашада болған.
Алматы облысы бойынша Тергеу департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов бұған назар аударып, жазбаға пікір қалдырған.
"Қайырлы кеш. Мән-жайды анықтау Талғар аудандық ПД қызметкерлеріне тапсырылды. Жүргізіліп жатқан іс-шаралардың барысы Алматы облысының Полиция департаментінде бақылауға алынды. Белгілеп жатқандарыңызға рақмет", - деп жазған ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!