Талғарда тағы бір әйел қаза тапты

Талғарда үй жарылып кетіп, үй иесі қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

"Қарындасым түнгі сағат 01:30 шамасында хабарласып, үй жарылып, мамамнан айырылып қалдық деді. Келсем, үй өртеніп жатыр, өртті өшірген соң анамның сүйегін алып шықтық. Қарындасым мен інімді жедел жәрдемге тапсырдым", - дейді марқұмның баласы Жандос Санғаджиев sputnik.kz-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, қайтыс болған әйел қызы жұмыстан келген кезде шай қоймақшы болған. Жарылыс сол мезетте болған. Әзірге оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатқаны хабарланды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!