Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары өрт кезінде 18 адамды эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Талғар қаласында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде төртінші қабаттың пәтерінде жиһаз өртеніп кеткен.
ТЖМ қызметкерлері баспалдақ маршымен 18 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады.
Өрт 8 шаршы метр алаңда жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт болған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!