Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың үйі өртенді.
"12 қазан күні сағат 00:50-де Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылында тұрғын үй өртеніп кетті. Шақыру орнына Алматы облысы ТЖД 10 қызметкері мен 3 бірлік техникасы дереу жіберілді. Бірінші өрт сөндіру бөлімшесі жеткен сәтте сағат 01:08-де тұрғын үйдің шатырының өртенгені анықталды. Үй толығымен отқа оранған", – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт 01:38-де оқшауланып, 01:43 сағатта сөндірілді. Жалын 56 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі нақтыланып жатыр.
Massaget.kz тілшісі оқиға орнында жүр.
Еске салайық, бұған дейін Шерзат Болаттың үйі өртеніп кеткенін жазған едік.
Осы оқиғадан кейін марқұмның отбасын полиция күзететін болды.
Бұл оқиғаға қатысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!