- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Талғарда қаза тапқан...
Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің отбасына қысым жасалып жатыр ма? Марқұмның әкесі жауап берді
Талғарда бір топ кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың әкесі Massaget.kz тілшісінің берген сұхбатында "Қандай да бір мемлекеттік органдар немесе басқа да әлдекімдердің тарапынан қысым жасалып жатқан жоқ па?" деген сұрағына жауап берді.
"Өзім үшін қорықпаймын, халық үшін, отбасым үшін қорқамын. Олар ер азамат болса, еркек деген намысы болса, келер еді. Өзіме істер еді, балама немесе үйіме жасамас еді. Біреудің қайғысында да біреуге ұпай керек болады. Жан-жақты ойлау керек. Қазір баса-көктеп, аспанға балтаны лақтырғаннан түк пайда таппаймын. Ақ-қарасы анықталып, кінәлілер жауап береді деген ниеттемін. Кінәлілер жауап бермесе, Алла Тағала бар. Болмаса, өмір домалақ қой. Тек құзырлы орган емес, жанымда жүрген жігіттер де, қайғыма ортақ болып жатқан халық та, ел де айдан анық көріп тұр ғой. Бір жағдай болса, ол жерде мен жауап беремін. Сол үшін мен кеткен жағдайда менің баламның шындығын шырылдайтын, бала-шағама, әке-шешеме қарайтын адам болмайды. Қолымнан келгенше соңына дейін күресемін", – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Шерзат Болаттың үйі өртеніп кеткенін хабарлаған едік.
Марқұмның отбасын полиция күзететін болды.
Осы оқиғадан кейін Бас прокуратура мәлімдеме жасады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан