Талғар ауданының полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған әрекет түсірілген видеоға қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тексеру нәтижесінде жол ережелерін бұзуға жол берген барлық жүргізуші анықталып, көлік құралдарының жүру бөлігінде орналасу, қарсы жүру немесе басып озу ережелерін сақтамағаны үшін тоғыз әкімшілік хаттама толтырылды.
Видеодағы көлік құралдары айыппұл тұрағына қойылды. Құқықбұзушылармен болашақта осындай оқиғалардың алдын алуға бағытталған профилактикалық әңгіме жүргізілді.
"Полиция бейне авторына жолдардағы тәртіпті қамтамасыз етуге ықпал ететін белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдіреді. Жол қозғалысы ережелерін сақтау жүргізушілер, жаяу жүргіншілер және басқа да қозғалыс қатысушылары үшін қауіпсіздік кепілі екенін еске саламыз", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз