Талғарда жол апаты жанжалға ұласты: адамдар тапанша мен бита қолданбақ болған

Талғарда жол апаты жанжалға ұласты: адамдар тапанша мен бита қолданбақ болған
Фото: Видеодан алынған кадр

Талғар қаласында Audi және Renault көліктері соқтығысып, жол апаты болды, - деп хабарлайды "Пятый регион".

Басылым мәліметінше, жол апаты бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Видеода екі бағыттан келген көліктер бір-бірімен соқтысып, Audi автокөлігі инерция арқылы өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кеткені көрсетіледі. Видео Әлеуметтік желіде жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

Оқиғадан кейін көлік жүргізушілері арасында жанжал туындап, оқиға орнына белгісіз адамдар келген. Текетірес барысында Audi жүргізушісі тіркелген газ тапаншасымен қолында спорт битасы бар белгісіз адаммен ауызша жанжалға түскен. Айта кетейік, оқиғаға қатысушылар зардап шеккен жоқ.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық құрамының белгілері бойынша Талғар ауданында тіркелді.

Барлық қажет тергеу әрекеті және сараптамалық зерттеулердің қорытындыларынан кейін процестік шешім қабылданады.

Тергеу барысын облыстық Департамент басшылығы бақылауға алды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек