Алматы облысы Талғар ауданындағы Cosmo жекеменшік мектебінде мұғалім оқушыға дөрекілік көрсетіп, оны итеріп жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде мұғалімнің дөрекі әрекеті анық көрінетін видео пайда болды. Ол мектеп оқушысына ұрысып жатыр. Бір кезде ол мұғалім оқушы күшпен парақты бергенде, бала еденге құлап кетеді.
"Тұр, аунама! Сені итерген жоқпын. Саған қағаз бердім. Актриса, блин", - дейді мұғалім.
Қазіргі уақытта мұғалімнің жұмыстан қуылғаны белгілі болды.
Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді.
Талғар аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы, 2-бөлігі "Педагогтың міндеттері мен педагогтық этика нормаларын орындамауы немесе тиісінше орындамауы" бойынша тіркелгенін хабарлады. Баптың санкциясында 40 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.
Балалар құқығын қорғау комитеті оқиғаның қазан айында болғанын мәлімдеді.
"Оқушының ата-анасы құқық қорғау органдарына арыз жолдаған. Дөрекі мінез-құлық көрсеткен мұғалім қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!