Талғарда болған төбелес атысқа ұласып, адам өлімімен аяқталды

Талғарда болған төбелес атысқа ұласып, адам өлімімен аяқталды
Фото: © instagram/kris_p_talgar

Талғарда екі жігіттің ұзақ уақытқа созылған кикілжіңі кісі өлімімен аяқталды, - деп хабарлайды Мassaget.kz kris_p_talgar парақшасына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, шілденің 17-нен 18-іне қараған түні Талхиз елді мекеніндегі тауда екі топ жастар арасында төбелес болған. Атыс пен пышақтау салдарынан 1988 жылы туған ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болды, тағы бір 1989 жылы туған ер адам жансақтау бөлімінде жатыр. Басқа да зардап шеккендер бар.

kris_p_talgar парақшасы қақтығыс болған жерден түсірілген суреттерме бөлісті. Кадрларда таулы аймақ, оқиға орнын қоршап тұрған лента, асфальтта қан іздері көрінеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

Қарулы қақтығыс дерегін Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Ведомствоның мәліметінше, екі топ жастар арасындағы жанжал пышақ пен атыс қаруын қолдану арқылы болған. Оқиғаға жергілікті сегіз тұрғын қатысқан. Зардап шеккендердің бірі ауруханада алған жарақаттарынан көз жұмды.

"Жанжалға қатысушылардың барлығы анықталып, ұсталды. Негізгі айыпталушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 106-бабының үшінші бөлігі, ("Абайсызда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") және Қылмыстық кодекстің 293-бабының үшінші бөлігі ("Атыс қаруын, газды, пышақ және басқа да қырлы қаруды қолданып бұзақылық жасау") бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

ПД бұл іс облыстық департаментте ерекше бақылауға алынғанын атап өтті.

Г. Досымшалова