- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Талғарда бес азамат...
Талғарда бес азамат кәсіпкерден ақша мен қымбат көлік талап еткен
Талғарлық кәсіпкерден ақша мен қымбат көлікті талап еткен бес азамат ұсталды. Олар 20-23 жастағы азаматтар болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қылмыстық іс кәсіпкердің арызы негізінде Талғар ауданының полиция бөлімінде ҚР ҚК-ның 194-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы (Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған бопсалау) бойынша тіркелген.
"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында арнайы бөлімшенің жауынгерлерінің қатысуымен Алматы облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес кеңесі бөлімінің қызметкерлері ақшалай қаражат алу кезінде Алматының және Алматы облысының тұрғындары – 20-23 жас аралығындағы бес азаматты ұстады", - делінген хабарламада.
Кінәлі тұлғалар ұсталып, Талғар ауданы полиция бөлімі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысты бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан