Талғарда Орталық аудандық ауруханаға оң жақ кеудесі пышақталған жігіт түсті. Полиция бұл істің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
21 жастағы талғарлық 14 желтоқсанда аурузханаға түскен. Оның оң жақ кеудесі пышақталған.
Талғар ауданының полиция басқармасындағылар 23 жастағы тұрғынды ұстады. Ол жасаған ісін мойындады.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!