Талғарда атышулы Қасымбаевтың орнына жаңа адам тағайындалды

Талғарда атышулы Қасымбаевтың орнына жаңа адам тағайындалды
Фото: коллаж

Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Нұржан Абдалимов тағайындалды.

Өмірбаяны:

Нуржан Диханбекұлы 1988 жылы 10 маусымда дүниеге келген. Білімі жоғары. Қазақ қатынас жолдары университетін кеден ісі мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар"Қайнар" академиясында құқықтану магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолы:

  • 2011 жылы "Алматы қаласының ақпараттық жүйелер орталығы" КМК-да аға оператор;
  • 2011-2015 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппаратында кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің маманы;
  • 2015 жылы мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы;
  • 2015-2018 жылдары кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы;
  • 2018-2019 жылдары мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы;
  • 2019-2021 жылдары "АлматыЭлектроТранс" ЖШС-ында бөлім басшысы;
  • 2023 жылдың сәуірінен бастап бүгінге дейін Талғар ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Ол бұл қызметке атышулы Хасан Қасымбаевтың ағасы Аслан Қасымбаевтың орнына келген.

Еске салайық, бұған дейін ел арасында Талғардағы төбелесте қаза тапқан Шерзат Болаттың өлімінен кейін күдіктілердің "Хутор" қылмыстық тобына қатысы бар екені және аталмыш топтың басында Хасан Қасымбаев есімді азамат тұр деген әңгіме тараған болатын. Желіде Хасанмен түскен әншілердің суреттері тарап, көпшілік оларды сынға алған еді.

Кейіннен атышулы Хасан әлеуметтік желіде төбе көрсетіп, "менің еш қатысым жоқ" деп сұхбат берген болатын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина