Талғарда 83 мұғалім тиісті төлемді ала алмай келген

Талғарда 83 мұғалім тиісті төлемді ала алмай келген
Фото: depositphotos.com

Алматы облысында мұғалімдерге заңсыз ұсталған жарналар қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Талғар ауданының білім бөлімі 83 мұғалімнің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға бөлінген төлемін заңсыз ұстап қалған, олар заң бойынша мұндай төлемнен босатылған.  

"Олардың арасында көпбалалы аналар, мүгедектер, магистратура және докторантура студенттері бар", - деп жазылған хабарламада.

Прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде мұғалімдердің құқығы қорғалып, ұсталған сомалар толық көлемде қайтарылды.

Еске салайық, бұған дейін ШҚО мұғалімдері тиісті төлемдерді ала алмай келгені хабарланды. 

171 мұғалімге ұзақ уақыт бойы заңда қарастырылған іс-сапар шығыны төленбеген, жалпы сома 28 миллион теңгеден асқан.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget