Талғарда 16 жастағы оқушы мерт болды: Полиция департаменті мәлімдеме жасады

Талғарда 16 жастағы оқушы мерт болды: Полиция департаменті мәлімдеме жасады
Фото: КТК

Алматы облысының полиция департаменті 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айта кетейік, 4 қазанға қараған түні Талғарда жантүршігерлік қылмыс болды. Қолында пышақ пен қаруы бар бір топ жігіт 16 жастағы Шерзат, әкесі мен ағасына шабуыл жасаған. 

Қаза тапқан жігіттің ата-анасы полицейлер оқиғаға қатысты адамның бәрін ұстамағанын айтып, дабыл қаққан. 

Алматы облысының полиция департаменті кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғағанын хабарлайды. Оқиғаның барлық қатысушылары ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларының толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина