Талғар шатқалында туристің үстіне тас құлаған

Талғар шатқалында туристің үстіне тас құлаған
Фото: ТЖМ

Алматы облысының тауларында құтқарушылар тас құлап, зардап шеккен туристі эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Талғар шатқалында (биіктігі 2 970 метр) Алматы қаласы әкімдігінің Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының және "Барыс" республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары үстіне тас құлап, зардап шеккен туристі күрделі жағдайда эвакуациялаған.

Хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына екі бақылау-құтқару бекетінің құтқарушылары шұғыл аттанған. Олар жеткен бойда алғашқы медициналық көмек көрсетіп, туристің жағдайын ауыр деп бағалаған.

Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Құтқарушылар оны Кіші Талғар асуына қарай тасымалдай бастаған. Жолда оларға Алматы қаласы Альпинизм федерациясының еріктілері қосылған.

"Бірлескен күш-жігердің арқасында эвакуация жұмыстары "Шымбұлақ" тау курортына дейін жалғасты. Кейін зардап шеккен адам қалалық клиникалық ауруханаға жатқызу үшін Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды", - деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget